Шектеу қойылған мүлік қатарына екі жеке тұлғаға және олармен байланысты төрт компанияға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік кірді.
Қожамжаровтардың мүлкіне тыйым салатын тағы бір шектеу енгізілді
374
оқылды

Алматының Медеу аудандық соты бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне тыйым салды. Құжат "Сот кабинеті" порталында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Время" газетіне сілтеме жасап.

Шектеу қойылған мүлік қатарына екі жеке тұлғаға және олармен байланысты төрт компанияға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік кірді. Жалпы сомасы – 2,63 миллиард теңге.

"Талап-арызда көрсетілген сома 2 550 635 252,63 теңге және төленген мемлекеттік баж – 76 524 956 теңге, барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлемінде тыйым салынсын. Тыйым салу шарасы "Oil Snab" компаниялар тобы" ЖШС, "HILL Resources" ЖШС, "HILL Invest" ЖШС, "AvtoTechMas Ltd" ЖШС, сондай-ақ Дулат Пернешұлы Қожамжаров пен Гүлназ Сағатбекқызы Қожамжароваға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке қолданылады" – делінген 17 қарашадағы сот ұйғарымында.

Тиісті шешім отандық банктің талабын қарау негізінде қабылданған.