Активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1,7 триллион теңге немесе 47,8%, несие беретін серіктестіктерге –1,3 триллион теңге немесе 37,0%, ломбардтарға – 526 миллиард теңге немесе 15,2% тиесілі.
Халықтың микронесиеге қанша берешегі бары белгілі болды
186
оқылды

Микроқаржы қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдардың активтері биыл 3-тоқсанда негізінен микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің төмендеуі есебінен 1,7% азайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3,5 триллион теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1,7 триллион теңге немесе 47,8%, несие беретін серіктестіктерге –1,3 триллион теңге немесе 37,0%, ломбардтарға – 526 миллиард теңге немесе 15,2% тиесілі.

Микроқаржы қызметтерімен айналысатын ұйымдарының несие портфелі 2025 жылғы 3-тоқсанда негізінен бизнес субъектілеріне берілген микронесиелердің азаюы есебінен 3,7%, 3,0 триллион теңгеге дейін төмендеді.

Бизнес субъектілеріне берілген микронесие 2025 жылғы 3 тоқсанда негізінен «КМF» МҚҰ-ын екінші деңгейдегі банкке айналдыру салдарынан 7,7%, 1,8 триллион теңгеге дейін азайды. МҚҚЖҰ секторында бизнес субъектілеріне берілген микронесие үлесі 58,4%-ды құрады.

Халыққа берілген микронесие негізінен ломбардтар берген микронесиенің ұлғаюы есебінен 2025 жылғы 3-тоқсанда 2,3% ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2025 жылғы 1 қазанда 4,4%-ды құрады (01.01.2025ж. – 4,6%).

Халыққа берілген микронесиелер портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен микронесиелердің үлесі 6,4%-ды (01.01.2025ж. – 6,0%), бизнес портфелінде – 3,3%-ды (01.01.2025ж. – 3,1%) құрады.

2025 жылғы 3-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері алынған қарыздардың төмендеуі есебінен 5,7%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін азайды. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 66,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен бөлінбеген пайда және резервтік капитал есебінен тоқсан ішінде 5,8% ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,3 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 3-тоқсанда анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ға қатысты 148 әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде 102,9 млн теңге сомаға 126 хаттама жасалды, 18 жазбаша ұйғарым, 90 күнге дейінгі мерзімге 1 лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ 3 МҚҚЖҰ лицензиядан айыру түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.