ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ДӘРІХАНАЛАРДА ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ ОРТАША ЕСЕППЕН 12%-ҒА ТӨМЕНДЕУІ ТІРКЕЛДІ.
Дәріханаларда дәрі бағасы қанша пайызға арзандады?
Фото: gov.kz
349
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ел бойынша дәріхана желісіндегі бағаның төмендеу динамикасын бақылайды. Объективті бағалау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері ең сұранысқа ие 70 препараттың құнын талдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тізімге қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары препараттары, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуге арналған заттар кірді.

Реттеудің жаңа тәртібі енгізілгенге дейінгі және соңғы екі айдағы бағаларды салыстыру кезінде препараттар құнының төмендеуі орта есеппен 12%-ды құрады.

Бұл бағаны реттеу шаралары қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беретінін білдіреді:

 дәрі-дәрмектер қолжетімді болады;

 баға үстемелері теңестіріледі;

 дәріхана желілері белгіленген қағидаларды ұстанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.