Отандасымыз жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына жол берді.
Таеквондошы Тамерлан Тілеулес әлем чемпионатында қола медальға ие болды
264
оқылды

Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін, қазақстандық таеквондошы Тамерлан Тілеулес 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Отандасымыз жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша, Тамерлан Тілеулес ел қоржынына екінші медальді салды. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) алтыннан алқа таққан еді.