Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының құны жеңілдетілген бағамен төленуге тиіс.
Жуалыда кәсіпкерлер өздеріне тиесілі тарифтік жеңілдіктерді алмаған
454
оқылды

Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының құны жеңілдетілген бағамен төленуге тиіс.

Бірақ жобалық құны 2 миллиард теңге болатын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер тізіміне енгізілген ауданның екі кәсіпкері биылғы жылдың басынан бастап 1 кВт электр энергиясы үшін 35,12 теңге орнына 38,44 теңге төлегені анықталды.

Осылайша, кәсіпкерлер мемлекетпен көзделген жеңілдіктерді алмаған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.