Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.