Марқұмның отбасы құтқарушылар кеш жетті деп мәлімдеген, алайда ТЖМ өкілдері 112 қызметіне түскен дабылдан кейін бірден жолға шыққанын атап өтті.
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш орнатады
252
оқылды

Бұл туралы журналистерге Мәжіліс кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Министрдің айтуынша, марқұм оқыған медициналық колледжде оның құрметіне арналған аудитория ашылады.

«Бұл – барлығымыз үшін ауыр оқиға. Ол бүкіл медициналық қауымдастықты біріктірді. Ұлдана Мырзуанның ерлігі ескерусіз қалмауға тиіс, сондықтан оның құрметіне ескерткіш орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Еске салайық, 8 қараша күні Астанада Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайында, ғимараттың сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер блогы опырылып түсті. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың ішінде жедел жәрдемнің екі фельдшері болған.

Ұлдана Мырзуан 8 қарашадан бастап жансақтау бөлімінде жатты және ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. Марқұмның отбасы құтқарушылар кеш жетті деп мәлімдеген, алайда ТЖМ өкілдері 112 қызметіне түскен дабылдан кейін бірден жолға шыққанын атап өтті.