Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.
Көлсайда туристер мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты
243
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттен.

Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.