Куратордың нұсқауымен кінәлілердің бірі жарнамалық жазуларды қолданса, екіншісі кураторға есеп беру үшін оларды суретке түсірген.
«Кінәлі адамдар куратордан 25 000 теңге алған»: Астанада есірткіні жарнамалағандар сотталды
252
оқылды

Елорданың үш тұрғыны есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын сайттың жарнамалық жазуларын мектептер, аялдамалар мен жағалау маңындағы жаяу жүргіншілер жолына салған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Куратордың нұсқауымен кінәлілердің бірі жарнамалық жазуларды қолданса, екіншісі кураторға есеп беру үшін оларды суретке түсірген. Үшіншісі оларды көлікпен тасып, қылмыстық әрекеттерінің жолын кеспеуін қадағалады.

Әрбір жарнама үшін кінәлі адамдар куратордан 25 000 теңге алған.

Тыйым салынған заттардың кезекті жарнамасын жасағаннан кейін қылмыскерлер полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Кінәлілердің әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді насихаттау және заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.