Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.
Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында үздік ондыққа енді
317
оқылды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.

Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.

Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.