Бұл айқас Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас болмақ.
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін жекпе-жегінің алдында маңызды үндеу жасады
302
оқылды

Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсан күні АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның қарсыласы – WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO).

Бұл айқас Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас болмақ.

Жәнібек Әлімханұлы бұл жекпе-жектің алдында үндеу жасады.

"Мен әуесқой бокста Азия чемпионатына, әлем чемпионатына, Олимпиадаға қатыстым, әлемнің барлық елін араладым. Енді өзімді, қазақ стилін әлемге танытатын уақыт келді", – деді Жәнбек Әлімханұлы.