Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Мәжіліс Үкіметтің ақпаратын тыңдайды
312
оқылды

Депутаттарға Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Қа­нат Бозымбаевтың Мәжіліс депу­тат­тарына өңірлерді аралау бары­сында келіп түскен азамат­тардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы ақпаратын тыңдау ұсы­нылады. 

Сонымен қатар жалпы оты­рыс­та депутаттардың бастама­сымен әзірленген Мемлекет бас­шысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын орындауға арналған Цифрлық кодекстің жобасы екін­ші оқылымда қаралатын бола­ды. Құжат цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге, таяу үш жылда Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуын қамтама­сыз етуге бағыт­талған. 

Жобамен жұмыс барысында депутаттар қосымша 62 бап енгіз­ді. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңның ережелері, сондай-ақ Ақпараттандыру туралы заң нормаларының бір бөлігі жаңа кодекске көшірілді. Кейіннен бұл заңдар күші жойылды деп та­нылады. 

Депутаттар 2024 жылғы 4 қыр­күйекте Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сек­­тордағы операцияларды ұйым­дас­тыру туралы негіздемелік келісімді талқылайды. Келісімде инвестициялық жобаларды қар­­жы­ландыруға ықпал ету қарас­тырылған.

Бұдан бөлек, Мәжіліс Тәжікстан Республика­сымен одақтастық қатынастар туралы шартқа қатысты жаңа заң жобасын жұмысқа алады.

Ә.САМАТҰЛЫ