Анасының айтуынша, бала миы шайқалып жарақат алған.
«Миы шайқалған»: Алматыда ер адам балалар арасындағы жанжалға араласып, қол жұмсаған
532
оқылды

Алатау ауданындағы Алматы қаласындағы «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам балалар арасындағы жанжалға араласып, баланы бар күшімен теуіп жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Анасының айтуынша, бала миы шайқалып жарақат алған.

Сонымен қатар, анасының сөзінше, учаскелік полицей ересек адам баланың еміне төлем жасаса, «мәселені бейбіт жолмен шешуді» ұсынған. Зардап шеккен баланың отбасы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлі адамның жазалануын талап етіп отыр.