Бас прокуратура барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді.
Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісін Бас прокуратура қарайды
1,985
оқылды

Әскери борышын өткеру кезінде бас сүйек-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз»,-деді Инга Иманбай.