Түркістан облысына қарасты Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршінге дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Кішкентай қыздың мәйіті жедел жәрдем көлігімен туған ауылына әкелініп, бүгін жерленді.