Бір апта бойы әскери басқару органдарында, құрамалар мен әскери бөлімдерде жеке құрамның жауынгерлік даярлық дағдыларын жетілдіруге арналған тактикалық-құрылымдық сабақтар өтеді.
1 желтоқсанда Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды
701
оқылды

Сабақтар барысында ұрыс есептоптары мен кезекші қызметтердің іс-әрекеті нақтыланып, штабтар мен әскери бөлімдердің басқа әскерлер мен құралымдар, одан бөлек мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі пысықталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу дабылынан кейін барлық әскери бөлімдер ең жоғары дәрежедегі жауынгерлік дайындыққа көшеді. Әскери қызметшілер техникалармен оқу полигондарына және оқу орталықтарына марш жасайды. Кейбір бөлімдер әуе және теміржол көлігімен жолға шығады.

Қазіргі уақытта жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Құрамалар мен бөлімдердің практикалық әрекеті әдеттегідей жіті назарда болмақ. Тактикалық-саптық кешенді сабақтар 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.