Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
357
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы ретінде бастады. Әр жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасында және Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінде түрлі қызметтер атқарды. 2008 жылы Астана қаласына келді.

2008-2010 жылдары — Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Ал 2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.