Бұған дейін мұндай мүмкіндікті ешбір ұшқышсыз ұшақ көрсете алмаған
Bayraktar Kızılelma әлемде алғаш рет әуе нысанасын алыстан атып түсірген ұшқышсыз ұшақ атанды
1,909
оқылды

Түркияның Baykar компаниясы жасаған Bayraktar Kızılelma маңызды сынақтан сәтті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

TRTHaber хабарлауынша, ол алғаш рет көзбен көрінбейтін қашықтықтан (BVR) әуе нысанасын атып түсірді. Бұған дейін мұндай мүмкіндікті ешбір ұшқышсыз ұшақ көрсете алмаған.

Сынақта ASELSAN-ның MURAD деп аталатын жаңа радиолокаторы мен TÜBİTAK-SAGE әзірлеген Gökdoğan әуе-әуе зымыраны қолданылды. Ұшақ нысананы өзі анықтап, зымыранды дәл бағыттап, мақсатты жойды. Бұл жүйе Kızılelma-ның әуедегі соғыс жағдайында дербес әрекет ете алатынын көрсетті.

Мамандардың айтуынша, бұл нәтижe ұшқышсыз әскери технология дамуының жаңа кезеңін бастады. Енді мұндай дрондар барлау немесе жердегі нысандарды соққыға алу ғана емес, әуе шайқастарына да толыққанды қатыса алады. Bayraktar Kızılelma-ның жетістігі Түркияның қорғаныс саласындағы технологиялық мүмкіндігінің артып келе жатқанын дәлелдейді.