ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Атырау облысында үй өртенді
ТЖМ
503
оқылды

Бүгін Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Жұмекен ауылында жеке тұрғын үйдің асүй бөлмесінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өрттің үйдің басқа бөлмелеріне таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.