Осы санатта күрескен тағы бір отандасымыз Нұрлыхан Шархан да бірінші кездесуінде Сербия балуаны Александар Куколден жеңілді.
Биыл «Қазақстан барысында» чемпион болған спортшымыз Grand Slam-дегі бірінші белдесуінде оңбай ұтылды
373
оқылды

БАӘ-дегі Grand Slam кезеңі қазақстандық балуандар үшін сәтсіз өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен «Qazaqstan Barysy-2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұров өзінің алғашқы белдесуінде-ақ Нидерланд спортшысы Симеон Катеринге жол берді.

Осы санатта күрескен тағы бір отандасымыз Нұрлыхан Шархан да бірінші кездесуінде Сербия балуаны Александар Куколден жеңілді.

+100 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Еламан Ерғалиев те жарысты ерте аяқтады. Ол Бахрейн атынан сынға түсіп жүрген, бұрын Ресей намысын қорғаған балуан Азамат Чорчаевқа есе жіберді.