Оқиға 28 қарашада Горький көшесі, 12 мекенжайындағы көпқабатты ғимаратта болды. Құлаған әйел 35–40 жас шамасында.
Петропавлда әйел 12-қабаттан құлап, мерт болды
364
оқылды

Петропавлда тұрғын үйдің 12-қабатынан белгісіз әйел құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қарашада Горький көшесі, 12 мекенжайындағы көпқабатты ғимаратта болды. Құлаған әйел 35–40 жас шамасында.

Шақыртумен келген жедел жәрдем бригадасы әйелдің көп жарақаттан қаза болғанын растады.

Бұл жазатайым жағдай ма, әлде басқа себебі бар ма, сондай-ақ әйелдің өліміне қатысты барлық мән-жайды тергеу анықтайды.