Вашингтонның бұл қадамы АҚШ-тың Венесуэлаға қысымды күшейту саясаты аясында қабылданған
АҚШ президенті Венесуэланың әуе кеңістігі толық жабылатынын мәлімдеді
422
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үстіндегі және оған іргелес аймақтардағы әуе кеңістігінің толық жабылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters мәліметінше, бұл шешім азаматтық әуе компанияларына, ұшқыштарға, сондай-ақ есірткі тасымалы мен адам саудасына қатысы бар топтарға ескерту ретінде жарияланды.

Вашингтонның бұл қадамы АҚШ-тың Венесуэлаға қысымды күшейту саясаты аясында қабылданған. Шектеулер аймақтағы әскери белсенділіктің артуымен және елге қарсы жүргізіліп жатқан операциялардың жаңа кезеңімен байланысты.