Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.
«Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матч билеттері сатылымға шықты
186
оқылды

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билетті сатып алу үшін пайдаланушы келесі деректерді көрсетуі қажет:
-    ЖСН.
-    мобильді телефон нөмірі.
-    электрондық пошта мекенжайы.

Лимиттер:
-    бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды.
-    төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады.

Билетті алу тәртібі:
-    SMS-хабарлама матч күні жіберіледі.
-    Көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады.