Жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші орында тұрған ресейлік файтер Арман Царукян UFC 324 турниріне қатысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еске сала кетейік, бұл кеш аясында британдық Пэдди Пимблетт пен америкалық Джастин Гейджи арасында уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтетіні жарияланған. Аталған кездесу жеңімпазы қазіргі чемпион Илия Топуриямен кездесуге тиіс. Топурия жеке себептерге байланысты уақытша спорттан үзіліс алған.
Бұл жаңалыққа орай Арман Царукян әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Мұны қалай ұғуға болады, түсіндіріңіздерші!», – деп жазды.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Арман жаңазеландиялық Дэн Хукерді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.