Себебі ұлттық құраманың бірде-бір мүшесі финалдық бөлімге өте алмады.
Абу-Дабидегі турнир: қазақ дзюдошылары бірінен соң бірі жеңілді
1,519
оқылды

Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam кезеңі қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Себебі ұлттық құраманың бірде-бір мүшесі финалдық бөлімге өте алмады.

Басқаларына қарағанда, жақсырақ өнер көрсетті деп тек Аман Бақытжанды айтуға болады. Ол жұбаныш белдесуінде түрік дзюдошысы Салих Илдызға есе жіберді.

Қалған балуандардың нәтижелері мынадай:

60 кг: Мағжан Шамшадин – бірінші белдесуде жеңілді.
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев – екінші белдесуде тоқтады.
66 кг: Нұрқанат Серікбаев – екінші белдесуде ұтылды.

Көпшілік әсіресе Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен тәжірибелі Мағжан Шамшадиннен жүлде күткен еді. Бірақ екеуі де алысқа бармады. 

Нұрқанат Серікбаевқа салмақ ауыстыру әсер етсе керек, себебі ол 60 келіден 66 келіге өтті. Ал қалған екі балуан ұзақ үзілістен соң бабына еніп үлгермеген тәрізді. Маусым айында Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін олар Ұлан-Батордағы Grand Slam-ға (шілде) да,  Циндаода (қыркүйек), Лима мен Гвадалахарадағы (қазан) Гран-при  жарыстарына да қатысқан жоқ.