Жалғызбасты әкенің айтуынша, қызының сырқатын Оңтүстік Корея және Үндістанда емдеуге болады, оған 10 миллион теңге қажет.
«Курьер болып ақша табамын»: қара бетпердедегі жігіт ауру қызын бағып отырған әкеге тосынсый жасады
706
оқылды

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт эпилепсиямен ауыратын қызымен тұратын жалғызбасты әкеге үй сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еркебұлан – жалғызбасты әке. Өзі де, қызы да II топтағы мүгедектігі бар жандар. Ер адамның ауруы неврологиялық сипатқа ие, ал қызы эпилепсиямен күресіп жүр. Қыздың дамуы да жасына сай кешеуілдеп келеді.

Жалғызбасты әкенің айтуынша, қызының сырқатын Оңтүстік Корея және Үндістанда емдеуге болады, оған 10 миллион теңге қажет.

“Нан мен шай алу үшін қызымды ертіп алып, курьер болып ақша табамын. Тамақ дайындаймын, киім жуамын, үйді жинаймын. Әйелім 2022 жылы ми ісінуінен қайтыс болды. Емдету үшін 2 миллион теңге несие алдым, бірақ аман алып қала алмадық. Қатты сағынамын, сағыныштан түсіме жиі кіреді. Ауыр. Ешбір ер азамат әйелінің артында қалмасын деп тілеймін”, – дейді ол.

Олар жалдамалы үйде тұрады.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт ер адамға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Оған қоса, қызының сырқатын емдеуге және қалаған кәсібін ашуға қаражат берді.