Түрік құқық қорғау органдарының көмегімен әйел Қазақстанға депортацияланды.
156 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлады деп айыпталған әйел Ыстамбұлда ұсталды
Фото: Еуразия Бірінші арнасы
477
оқылды

Ыстамбұл қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы қазақстандық әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасының ақпаратына сәйкес. 

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы маусым аралығында Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Осы кезеңде ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды жасырын түрде ұрлап кеткені анықталған.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен әйел Қазақстанға депортацияланды. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.