Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді: 28 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,849
оқылды

Қазгидромет 28 қарашада еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.

28-30 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Павлодарда 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.