Түркістан облысындағы тұрғын үйде болған өрттен аман қалған 2 ересек адамның жағдайы қалыпты. Ал зардап шеккендердің біреуі бала, ол ауыр хәлде жатыр.
Түркістандағы 12 адамның қазасы: «Екі адамның денсаулығы қалыпты, ал баланың жағдайы ауыр»
731
оқылды

Бұл туралы Сенаттағы брифингте Денсаулық сақтау-вице министрі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі: - Өрттен зардап шеккендер Шымкент қаласына жеткізілді. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Алайда баланың жағдайы «ауыр» деп бағаланып отыр. Қазір алматылық мамандар да жұмылдырылды. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Айта кеткен жөн, 18 қарашада Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнында 12 адам көз жұмды, оның ішінде тоғызы бала. Ал үш адам, оның ішінде бір бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.