Белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың депозиттік шоттары «бұғатталғанын» айтқан.
Қостанайда зейнеткерлер алаяққа 3 миллион теңгесін беріп қоя жаздады
416
оқылды

77 жастағы ер адам мен 67 жастағы жұбайы бар жинаған ақшасынан айырылып қала жаздады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың депозиттік шоттары «бұғатталғанын» айтқан. «Ақшаны құтқару үшін» зейнеткерлерге қаражатты «қауіпсіз шетелдік қорға» аудару қажет деп сендірген.

Күмәндары болғанына қарамастан, қарттар есепшоттарынан 3 миллион теңге шешіп, аударым жасау үшін банкке келген. Кассир әйелді төлемнің мақсаты — «дәрігерге алғыс» деген жазу бірден күдіктендірді. Ол мұны алаяқтық болуы мүмкін деп ойлап, дереу полиция шақырған.

Оқиға орнына Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері келіп, қарияларға олардың алдана жаздағанын түсіндірді, ақшаны қайта депозитке қайтарып, алаяқтардың нөмірлерін бұғаттады. Кассирдің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында зейнеткерлер барлық жинақ ақшасын сақтап қалды.