Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылында және Тереңөзек кентінде мобильді қабылдау өтті.
Сырдария ауданында ұйым­дас­тырылған мобильді қабылдау
614
оқылды

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қыз­ыл­орда облыстық филиалының төр­ағасы Жандос Базартай, облыстық мә­сли­хаттағы «AMANAT» партиясы фрак­циясының жетекшісі Жорабек Нұрым­бетов, партияның Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұ­ма­бек Ембергенов, аудан әкімінің орын­басары Роллан Еспенбетов және тиісті бас­қарма басшыларының орынбасар­лары мен бөлім басшылары қатысты.

«AMANAT» партиясының сайлау­алды бағдарламасы, жоспары, жобалары халықтың ұсыныс-тілегінің негізінде әзірленген. Мобильді қабылдаудың да басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу және елді мекен­дер­дегі тұрғындардың өзекті мәселелеріне құлақ түріп, тиісті деңгейде шешілуіне атсалысу, бағыт-бағдар мен кеңес беру.

«Мемлекет басшысы да азаматтарға арнап көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керектігін айтқан болатын. Бүгінгі қабылдауда ауданға қатысты айтылатын мәселелердің барлығы зерде­леніп, зерттеліп, нақты жұмыстар атқа­ры­латын болады», – деді  қабылдауға келген жергілікті халықпен тілдесу бары­сында партияның облыстық фили­а­лы төрағасы Жандос Базартай. 

Мобильді топ елді мекендердегі халықты толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстар, түрлі заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер мен бағдарламалар төңірегінде кеңінен ақпарат берді. 

Жалпы, Сырдария ауданында ұйым­дас­тырылған мобильді қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келді. Тұрғындар әсіресе газ­дандыру, жол жөндеу, ойын алаңын салу, аяқсу мәселесін шешу, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу мәселелері мен «Ауыл аманаты» жоба­сы бойынша өтініш тілектерін білдір­ді. Әр мәселе бойынша топ мүшелері тара­­пынан нақты жауап беріліп, хаттамаланды. 

Қабылдау барысында тұрғындар тек жеке бастың емес, жалпы елдік  пробле­ма­ларды көтерді. 

Мобильді топ өкілдері қабылдауда көтерілген әрбір мәселені назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылатынын және мәселе шешімін тапқанша «AMANAT» партиясының бақылауында болатын­дығын жеткізді.

Елнар ЕЛТАЙ