Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды об­лысында өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжым­дарымен кездесті.
Сенат Төрағасы  жастарға дәріс оқыды
395
оқылды

Сондай-ақ ол мәслихат де­пу­таттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лерімен, жергілікті жұртшылықпен және бірінші өңірлік «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен жүздесті. Іс-шаралар барысында Мемлекет басшы­сының тапсырмаларын іске асыру жолындағы бір­лес­кен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, пала­таның мәслихаттармен және сарапшылармен өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.

Сенат Төрағасы атап өткен­дей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауында ай­тылған бастамаларды сапалы іске асыру үшін барлық мүд­де­лі тараптың кешенді әрі жү­йелі бірлескен жұмысы қа­жет. Осыған байланысты мәсли­хат депутаттарымен және ҚХА мүшелерімен кездесуде жер­гілікті өкілді органдар мен сарап­тамалық-талдау қо­ғам­дастығын заң шығару қыз­метіне белсенді тарту мәсе­лесіне баса мән берілді. Мұндай формат Қазақстанның сапалы экономикалық өсуі­не, Құрылыс, Цифрлық кодекс­терді, Банктер мен банк қыз­меті туралы заңды, басқа да қа­жетті заңдарды уақы­тылы қа­был­дауға және Парламент қыз­метін одан әрі жетілдіруге тың серпін береді. Мәулен Әшім­баев өз сөзінде заң шығару үде­рісі мен шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға арналған және саяси реформаларды бір­­тұтас институционал­дық жүйе­ге біріктіруді көздейтін парла­менттік реформаға да назар ау­­­дарды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық­қа Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллектіні дамы­ту бағытына ерекше на­зар аударып, еліміздің стратегия­лық даму бағдарын айқындап берді. Оны сапалы іске асы­руға үлес қосу – бәріміздің маңыз­­ды міндетіміз. Сондай-ақ Мем­ле­кет басшысы бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қоғамдық және сараптамалық талқылауға шығарды. Парла­менттік реформаның нәтиже­сінде мәслихаттардың да рөлі артады. Өйткені сіздер жергі­лікті жерлерде халықпен тіке­лей жұмыс істеп келесіздер. Қоры­тынды шешім азаматтардың пікірі ескеріле отырып, жалпы­ұлттық референдум арқылы қа­­был­данады», – деді палата Спи­кері.

Сонымен қатар Мәулен Әшім­­­баев Қарағанды облысының әле­уетін одан әрі арттыру үшін күш біріктірудің маңызы зор еке­нін айтты. Бұл өңір ірі ин­дус­­­триалды орталық ретінде ел­дің экономикалық дамуы жо­лын­да ерекше мәнге ие. Қазір бір­қатар басым бағытта жоғары көрсеткіштер байқалады. Бұл үр­діс жаңа экономикалық мо­дель­ге көшуге және Қазақ­стан­ның ин­вес­тициялық тартым­ды­лығын арт­тыруға айтарлықтай ықпалын тигізіп отыр.

Мәулен Әшімбаев облыстың белсенді жастары – бірінші өңірлік «Қарағанды Талдау мек­те­бінің» қатысушыларымен кездесуде жас буынның еліміздің дамуы және реформаларды іске асыру жолындағы рөліне кеңінен тоқталды. Сенат Төрағасы сарап­шыларға Taldau Community-дің құндылықтары және жобаның негізгі мәні жөнінде айтып бер­ді. Ол Мемлекет басшысы елі­міздің тұрақты дамуында ана­литикалық тәсілдер маңызды рөл атқаратынына үнемі көңіл бөліп келе жатқанын тілге тиек етті. Осыған байланысты Талдау мектебі бірнеше жыл бойы мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, білім және ғылым мекемелерінің және басқа да саладағы жас мамандардың талдау қабілетін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.

Сапар аясында сенаторлар Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің профес­сор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Сондай-ақ олар боччадан жол­дас­тық матчты тамашалады. Бұ­­­дан басқа, депутаттар өңір­де­гі бірқатар кәсіпорынға арна­йы барып, өнім өндіру техно­логия­сымен танысты.