Платформада несиелеу талаптарымен танысып, өтінімді электронды форматта жолдауға, қажетті құжаттарды тіркеуге және өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік бар.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие беруге арналған онлайн-платформа іске қосылды
Фото: gov.kz
504
оқылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдікті несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады. Бұл туралы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сервисте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді толтыруға шамамен 10 минут қажет, ал оны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

Еске сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 2,5% мөлшерлемемен беріледі, несие мерзімі – 5-7 жыл. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.