Екеуі бір мектепте оқыған.
«48 рет пышақ салған»: Ресейде серуенге шыққан жасөспірімнің мәйіті дәретханадан табылды
www.istockphoto.com
766
оқылды

Иркутск облысында 12 жастағы қызды өлтіргені үшін жасөспірім сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қанды оқиға былтыр 21 қыркүйекте Ресейдегі Иркутск облысына қарасты Тарнополь ауылының спорт алаңында болған. 15 жастағы жігіт бір мектепте оқитын жасөспірім қызды өлтірген. Екеуінің арасында не болғаны белгісіз. Алайда әлгі жігіт жасөспірімді пышақтап, мәйітін ескі дәретханаға апарып тастаған. 

– Қызымды қинап өлтірген. Денесіне бір емес, 48 рет пышақ салған. Қансырап, алған жарадан қаза тапқан. Оның өмірден өткеніне жыл өтсе де, әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Оның неге, не үшін олай істегенін түсінбедім. Ол бұл ісіне өкінбейді де. Тіпті, оның отбасы кешірім де сұрамады. Үкім шығарылғанда қылмыскер күліп отырды, – дейді марқұмның анасы Валентина Зырянова.

Анасының айтуынша, Юля үйінің кенжесі болған. 24 пен 20 жастағы екі үлкен ағасы оның өліміне әлі сенер емес. Ол өзі сыныбының озаты, қатарының алды еді. Би билеп, спортпен айналысқан.

Сот үкімі бойынша жасөспірім 1,5 миллион рубль моральдық өтемақы төлеуге міндеттеліп, жазасын 6 жыл тәрбие колониясында өткереді. Қылмыскер кемпір-шалдың қолында өскен екен. Анасы оның тәрбиесімен айналыспаған, ал әкесі адам өлімі үшін сотталған екен.