Айта кетейік, дәл осы құрлықтық додада Қазақстан өткен жылы да жеңіске жетіп, турнирдің Алматыда өткен нұсқасында чемпион атанған еді.
Қазақстан құрамасы хоккейден тағы да Азия чемпионы атанды
Фото: icehockey.kz
1,060
оқылды

Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Бейжіңде (Қытай) өткен Азия чемпионатында топ жарып, қатарынан екінші мәрте чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Финалдық ойында Талғат Жайлауов жаттықтыратын қазақстандықтар Жапония құрамасын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Матч барысында Кирилл Ляпунов есепті ашып, Роман Старченко дубль жасап, Александр Борисевич те мергендігімен көзге түсті. Жапония сапынан Мадока Судзуки, Ю Сато және Масато Окубо жауап ретін шайбаларын соққанымен, таразы басын теңестіре алмады.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы бұған дейін де сенімді өнер көрсетіп, Оңтүстік Кореяны 4:2, ал Қытайды 5:1 есебімен жеңіп шықты. Айта кетейік, дәл осы құрлықтық додада Қазақстан өткен жылы да жеңіске жетіп, турнирдің Алматыда өткен нұсқасында чемпион атанған еді.