Елде әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі көбейеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бүгінде тізімге енгізуге болатын 23 позиция анықталды. Енді мұны Сауда және интеграция министрлігі бизнес өкілдерімен талқылайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру мәселесі жөніндегі кеңесте айтылды.
"Жалпы тізімнің кеңеюі – кәсіпкерлерге бірқатар міндет жүктейді. Мәселен, бизнес өкілдері мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақытылы шығаруға міндеттеледі. Сондай-ақ олар заңнамада белгіленген 15 пайыздан аспайтын сауда үстемесін сақтауға тиіс. «Мұндай шаралар сұранысқа ие азық-түлік бағасын төмендетуге бағытталған», -дейді мамандар. Жиын соңында Серік Жұманғарин, тізімге енетін әрбір тауарды жеке талқылап, импорт құрылымын қосымша зерделеуді тапсырды. «Соның нәтижесінде түпкілікті шешім қабылданады", - дейді ол.