Асу рейтингте жетінші орынға көтерілу керек
Асу Алмабаев қарсыласын үшінші раундта жеңіп, рейтингте жоғарылады
1,713
оқылды

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (№8) Қатарда өткен UFC турнирінде америкалық Алекс Переске (№7) қарсы үш раунд бойы айқасты. Үшінші раундтың басында Алмабаев қарсыласын «гильотина» әдісімен қылқындырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Асу рейтингте жетінші орынға көтерілу керек.

Еске салсақ, осыған дейін Бекзат Алмахан (12–3) 22 қараша күні өткен турнирде Александру Топурияға (7–1) төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен ұтылып қалған  еді.