Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал қазақстандық балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.