Тергеу барысында аудандық ветеринария бөлімінің төрт қызметкері мен бір ауыл тұрғынының өзара келісіп, ақпараттық жүйеге шын мәнінде жоқ, 100 мыңға жуық ұсақ малды шаруа қожалықтарының атынан заңсыз тіркегені анықталды.
Түркістан облысында 271 миллион теңге субсидияны жымқырғандар сотталды
Фото: gov.kz
960
оқылды

Түркістан облысында ветеринария қызметінің мамандары мен ауыл тұрғыны мемлекеттен бөлінген 271 миллион теңге көлеміндегі субсидияны алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу барысында аудандық ветеринария бөлімінің төрт қызметкері мен бір ауыл тұрғынының өзара келісіп, ақпараттық жүйеге шын мәнінде жоқ, 100 мыңға жуық ұсақ малды шаруа қожалықтарының атынан заңсыз тіркегені анықталды. Бұл арқылы олар мемлекеттік қолдауға бөлінген қаржыны заңсыз иемденіп, өзара бөліскен.

Сот үкіміне сәйкес, бес айыпталушының төртеуі 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, оған рақымшылық актісі қолданылды.

 

Прокуратураның хабарлауынша, субсидияны жымқыру – ауыр санаттағы қылмыс. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.