Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: iStock
4,458
оқылды

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде төменгі қарлы боран мен көктайғақ байқалады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.