Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
518
оқылды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.

Бірінші орынды нидерландтық Йеннинг Де Бу (33.63) жеңіп алды. Оңтүстіккореялық Юн Хо Ким 33.78 көрсеткішімен үшінші болды.