Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті.
Боксшы Санжарәлі Бегалиев Әлем кубогының жартылай финалына өтті
Сурет: Сали Сабиров
1,316
оқылды

Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті.

1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.

Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.