Сыр елінде «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы және №125 Қызылорда мектебінің ұйымдас­тыруымен «Чемпиондық рух» жобасы өтті.
Жастар жеңімпаздармен жүздесті
1,189
оқылды

Қызылорда қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаның мақ­саты – жастар арасында еңбек етіп, көк Туымызды көкке көтеріп жүр­­ген спортшыларымызды наси­хат­­тап, салауатты өмір салтын қа­лып­тастыру, жастардың спортқа де­ген қызығушылығын арттыру. 

Республикалық шараға арнайы қо­нақ болып Сыр мақтаныштары, 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» тур­нирінің жеңімпазы Мақсат Иса­ға­былов, пара пауэрлифтингтен жа­с- өспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Снежанна Бойко, Па­ра пауэрлифтингтен әйелдер ара­сында Әлем чемпионы Фариза Төл­жан келді. 

Іс-шараны «АMANAT» пар­тия­сы жанындағы «Жастар Рухы» жас­тар қанатының Қызылорда облыс­тық филиалының төрағасы Әсетхан Бай­мұрза ашып, жобаның маңыз­ды­лы­ғына тоқтап, арнайы келген қо­нақ­тарға алғысын білдірді. Мұнан соң ел мақтанышы Айдос Сұлтанғали сөз алып, республикалық жобаға ша­­­­қырту алғанына ризашылығын біл­діріп, жастар рухты, жігерлі, ең­бек­қор болу керектігін тілге тиек етті. 

150 жастың қатысуымен өткен таң­ғы жаттығуды Мақсат Исаға­бы­лов бастап берді. Сол секілді Фариза Төл­жан мен Снежанна Бойко да жас­тар­ды жаттығуға баулыды. 

Айта кетейік, жастар таңғы жат­тығу­дан соң чемпиондармен Bir tolqynda ашық диалог алаңын өткіз­ді. Ел мақтаныштары өздерінің бас­тан өткерген қиын әрі қызықты сәт­­­­терімен бөлісіп, жастардың сауал­дарына жауап берді. Кездесу соңында жас­тар чемпиондармен естелік су­рет­ке түсіп, ерекше көңіл күйде тар­қас­ты.

Елнар ЕЛТАЙ