Әйелдер құрамасы үшінші орынға ие болды. Жаһандық додада аруларымыз 20 елдің өкілдерімен сынға түсті.
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирдегі әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
225
оқылды

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан 54-ші әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен ату сайысында Александра Ле, Арина Малиновская, Елизавета Безрукова бастаған әйелдер құрамасы қола медальді жеңіп алды.

Жаһандық додада аруларымыз 20 елдің өкілдерімен сынға түсті.