Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу көшелері Қазақстан мен Ресейдің туларымен безендірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Екі елдің туы қала орталығына қарай Ленин даңғылы бойымен, Октябрьская метро станциясына дейін безендірілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге сапармен барады. Сапар барысында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Кремль бұған дейін Қазақстан президентінің Ресейге алдағы мемлекеттік сапары кезінде Путин мен Тоқаевтың екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ негізгі аймақтық және жаһандық күн тәртібін талқылайтынын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, көшбасшылар бейнеконференция арқылы Қазақстанның Орал қаласында болатын 21-ші Ресей-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.