«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында Тұран ауданына қарасты 156-орамның көптен бері қордаланып келген мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов төрағалық етті.
156-орамның мәселесі шешіле ме?
1,326
оқылды

Кеңейтілген отырысқа Партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, партия жанындағы Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңе­сі­нің төрағасы Бeрген Ержаппар, фрак­ция жетекшісі, мәслихат депутаты Қай­рат Имашев, мәслихат депутаттары, Тұ­ран аудандық прокуратурасы, ОҚО «Қаз­телерадио» АҚ өкілдері, Сани­тар­лық-эпидемиологиялық бақылау де­партаменті, Сәулет және қала құрылысы бас­қармасы, Жер қатынастары бас­қар­масы, аудан әкімдігінің өкілдері және 156-орамның тұрғындары қатысты.

Кездесуде тұрғындардың ұжымдық өті­­­ніші қаралды. Олар бірнеше жылдан бе­рі өзінің жеке меншік жер учаскесіне тұр­ғын үй сала алмай, салғандар құжат­тын ресімдей алмай отырғанын атап өтті.

Сәулет және қала құрылысы басқар­ма­сы архитектуралық-жоспарлау тап­сыр­масын (АПЗ) беруден бас тартып ке­леді. Себебі басқарманың мәліме­тін­ше, бұл аумақ қаланың бас жоспары бойын­ша өнеркәсіптік аймақ ретінде бел­гіленген.

Тұрғындар қолдарында мемлекеттік акт болғанына қарамастан, үй сала ала­мыз ба, әлде заңды түрде тыйым салына ма – белгісіз жағдайда қалғандарын айт­ты.

Мамандардың айтуынша, аумақта ор­наласқан «Қазтелерадио» АҚ теле­мұ­нарасынан бөлінуі мүмкін радиациялық тол­қындар адам денсаулығына зиян кел­тіреді деген қауіп бар. Қолданыстағы нор­маға сәйкес, телемұнарадан 300 метр ра­диуста тұрғын үй салуға рұқсат беріл­мейді.

Алайда бүгінгі цифрлық тех­но­ло­гияның дамуына байланысты бұл ара­қа­шықтықты қысқарту мүмкіндігі қарас­ты­рылуы мүмкін, бірақ ол үшін ра­диа­ция­лық сәуле деңгейін бір жыл ішінде 50 рет өлшеу қажет. Егер тексеру қоры­тын­дысы оң нәтиже көрсетсе, 300 метр­лік шектеу қайта қаралуы ықтимал.

Жиын барысында барлық тараптың пі­кірін тыңдаған комиссия заң талап­тарына сай толыққанды тексеру жұ­мыс­­тарын жүргізу туралы шешім қа­был­дады. Алдағы уақытта бұл мақсатқа қажетті қар­жы қарастырылып, тексеру жұмыс­тары ресми түрде басталатын бол­ды.

Ербол Байқонысов өз сөзінде: «Бұл мәселенің шешімі – тек нақты зерттеулер мен құқықтық қорытындыларға сүйен­генде ғана әділ болады. Партия тұрғын­дар­дың мүддесін қорғау үшін барлық про­­цесті бақылауда ұстайды. Ең бастысы – халық­тың қауіпсіздігі мен заңдық құқы­ғының сақталуы», – деді.

Телемұнараға байланысты мәселе бойынша оң қорытынды алынған жағ­дайда ғана, бұл аумақтың өнеркәсіптік аймақ статусы қайта қаралатын болады.

Айта кетейік, жуырда Партиялық ба­қылау комиссиясы мен Жер аманаты ко­миссиясы 156-орамға барып, тұр­ғын­дармен көшпелі жиын өткізген болатын. Қазіргі таңда телемұнараның 300 метр радиусына 279 жер учаскесі кіреді. Оның 60-ында құрылыс жүріп қойған. Бұл жер те­лімдері Оңтүстік Қазақстан облысы ке­зеңінде жекеменшікке берілген.

Елнар ЕЛТАЙ