Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
ШҚО-да жаңа туған сәбиді аман алып қалу үшін тікұшақпен Өскеменге жеткізді
664
оқылды

«Қазавиақұтқару» РМК экипажы ШҚО Шемонаиха қаласынан санитарлық рейс орындады. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге денсаулық жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді Өскемен қаласына жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әуе кемесінің командирі Сергей Пинигин мен екінші ұшқыш Олег Алфеев тапсырманы сәтті орындап, сәби облыс орталығына аман-есен жеткізілді.

– Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары пациенттерді жерүсті көлігімен жеткізу көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын, – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.