Финалда Камеун балуанын жеңген екен
«Алғашқы алтын!»: Аруна Жангелдина Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы
669
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Olympic.kz мәліметінше, отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Финалда Джангельдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.

Айта кетейік, Аруна Жангелдина осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз