ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдап, клубты чемпиондық атақпен құттықтады.
ФИФА президенті «Қайрат» футбол клубын чемпион атануымен құттықтады
www.championat.com
1,845
оқылды

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан чемпионы атанған «Қайрат» футбол клубын ресми түрде құттықтап, команданың маусым бойы жоғары нәтижелерін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл Қазақстан чемпионаты қазан айында мәреге жетті, ал «Қайрат» өз көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, қатарынан екінші, жалпы тарихында бесінші рет чемпион атанды. Бұл жеңіс алматылықтарға Чемпиондар лигасына жол ашып, клубқа 2026/27 маусымдағы еурокубоктарға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдап, клубты чемпиондық атақпен құттықтады.

«Осы хат арқылы Қазақстанның жаңа чемпиондарын — «Қайрат» футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіздер! Олардың маусым бойы тынымсыз еңбегі мен нәтижесі лайықты жемісін беріп, осы маңызды атаққа қол жеткізді. Командадағы әрбір ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы зор табыспен құттықтаймын»,-делінген Инфантиноның хатында.

 

ФИФА клубтың тұрақтылығын және жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, команданың табысқа жетуінде ойыншылардың, бапкерлердің және басшылықтың қосқан үлесінің маңызын ерекше көрсетті.