Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі айналымда ол ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.